• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Таразда «Тілдер саябағы» әлеуметтік жобасы бастау алды

0

Ашық аспан астында, саябақта ағылшын тілін тегін  үйреніңіз. Бұл бағытта таразда тұңғыш рет     «Тілдер саябағы» әлеуметтік жобасы бастау алды. 2 айлық курста еркін бағдарламамен ағылшын тілін меңгеруге тамаша мүмкіндік туып отыр. Жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы рөлі де ерекше. Өзге тілді үйрену мен қатар оны жетік меңгеру халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны белгілі. Осыған орай екі ай көлемінде ұйымдастырылатын тілдер жобасының  атқаратын жұмысы да еселі болмақ. Белгіленген мерзімде тараз қаласының 200 -ге тарта тұрғыны оқытылмақ. Аталмыш сабақ дүйсенбі мен бейсенбі күндері аралығында Жеңіс және Т.Рысқұлов саябақтарында ағылшын тілі пәні үйретіледі. Айта кетейік, білім беру уақыты күндізгі 11.00-ден, кешкі 20.00 ге дейін жалғасады. Аталған тіл меңгеру жобасына тіркелушілер саны да көп. Олардың  дені жастар. Бірі қызығушылық танытып келіп  отырса, енді бірі  алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндік екенін айтады. Арнайы қала тұрғындарына ұйымдастырылған «Тілдер саябағы» жобасына кез-келген жастағы азамат   қатыса алады. Бастама Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам » бағдарламасы асяында жүзеге асып отыр.

 

 

Пікір қалдыру