• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

0

Картинки по запросу вакансии

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі 100 нақты қадам»  бағдарламасындағы » 1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ» тапсырмасына сай Шу ауданында жергілікті тұрғындар үшін  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкесі өткізілді. Онда аудан тұрғындарына заңгерлік кеңестер беріліп, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі түсіндірілді. Іс-шара Жамбыл облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  ұйытқы болуымен өтіп отыр. Сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жер, тұрғын-үй, сәулет және құрылыс, салық, көші-қон, жұмыспен қамту салалары болып саналады. Осы себептен, бұл жәрмеңкеге қатысуға жоғарыда аталған мемлекеттік органдар таңдалған.Жәрмеңкеге қатысушылардың көбі тұрғын-үйге, бала-бақша кезегіне тұру, жеке электронды кілт алу, жұмысқа орналасу сынды мәселермен келген. Тиісті мамандар  тұрғындардың сауалдарына заң талаптарына сәйкес жауаптар берді.Бұған дейін де осындай іс-шара  Қонаев ауылдық округінде өткізілген болса, алдағы уақытта  шалғай елді мекендерде яғни Көкқайнар, Ақсу, Ақтөбе және т.б округтерде өз жалғасын табады.

 

 

 

 

Пікір қалдыру