• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

ОБЛЫСТА 40 МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

0

Жамбыл облысында елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасы жасалған. Осыған сәйкес, өңірде 2025жылға дейін кезең-кезеңімен мәдени ошақтар тұрғызылады. Атап айтар болсақ, ыңғайластырылған және мүлдем мәдениет үйі жоқ ауылдарда алдағы үш жылда 26, ал 2022-2025 жылдар аралығында 14 мәдениет үйін салу жоспарланып отыр.  Халық саны бес мыңға дейінгі ауылдарда  90 орындық, ал бес мыңнан жоғары елді мекендерге 180 орындық ғимарат салу көзделген. Бұл ауыл жастары мен тұрғындарының бос уақыттарын тиімді өткізіп, кез келген мәлімет алуға септігін тигізбек. Бұл жерде тұрғындарға бір ыңғайлы жақсы нәрсе олар келіп, осы жерден ашылатын орталықтардан өздеріне қажетті ауылдың, ауданның тұрмыс тіршілігін экономикасына қатысты өздеріне қажетті кейбір анықтамаларды ала алатын болады.

Пікір қалдыру