• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

САЛЫҚ ТӨЛЕУДЕН ҚАШҚАН КӘСІПКЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

0

Жеке кәсіпкерлікпен айналысамын десеңіз міндетті түрде кәсіпкерлік тіркеуге тұрғаныңыз жөн. Өйткені заң бәріне бірдей. Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен рейд жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы іс-шара ойын-сауық алаңқайларындағы заңсыз кәсіпкерлікке арналды. Салық кодексінің заңнамаларына сәйкес әрбір азамат өз кәсіпкерлігін бастар алдында салық органдарынан статус алуға міндетті. Бұл жөнінде бірнеше күн бұрын арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілген де болатын. Нәтиже толық қанды байқалмайды.  Іс – шара барысында әр кәсіпкерде болуы керек жеке құжаттар тізімін ұйымдастырушы атап айтты.Осы күнге дейін кей азаматтар тіркеуге тұрмай – ақ жұмыстарын атқарып жүрген. Ал , тіркеуге тұрмағандар ҚР әкімшілік құқық бұзушылығы заңнамасына сәйкес ескерту алып, хаттамалар толтыруға міндетті. Алайда, жергілікті кәсіпкерлердің айтуынша түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген сыңайлы. Шала – жансар атқарылған іс-әрекеттің кесірі кәсіпкерлер өздеріне таяқ болып тиетінін айтып отыр.Іс-шара одан әрі телефон арқылы дауға ұласты. Шағын кәсіпкер өзінің бұған дейін арнайы түсіндіру жұмыстарының ешқандай да ескертулерін естімегенін жеткізді.Заңды білмеу – жауапкершіліктен құтқармайды. Демек, еңбек ету баршағы бірдей және заңды жұмыс атқару шарт. Бұдан былай салықтан жалтарған кәсіпкерлер отыз алты мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады.  Төленбеген жағдайда сот органдарына жөнелтілмек.

 

 

Пікір қалдыру