• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

0

Елбасының «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасындағы ӨНДІРІСКЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗУ тапсырмасына сай жамбыл облысында күз айынан бастап  «жылжымалы экологиялық зертхана» атты зерттеу лабораториясы  жұмыс істейтін болады. Ол қала мен алыс аудандарда орналасқан зауыттар мен өндіріс орындарынан шығатын ауа ластаушы және қорщаған ортаға зиян келтіретін  заттардан сынамаларды кешіктірмей,  дер кезінде алу үшін көмектеседі. Қоршаған ортаны ластауы ықтимал заттарға жылдам талдау жасалып, тиісті мекемелерге жіберілетін болады.  Бұл өз кезегінде уақытты үнемдеп, жұмысты ілгерілетпек. Сонымен қатар, экологиялық жағдайды оңалту мақсатында өңірде «Жасыл белдеу» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. «2016 жылы Жамбыл облысында өсімдіктер 395 га аумаққа отырғызылды. 2017 жылы бұл көлем 1 гектардан асты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.

Пікір қалдыру