• Валюта бағамы: USD 371.31 | EUR 419.32 | RUB 5.59 | CNY 53.83 |

Дала өртімен күрес жалғасуда

0

Отпен алысқандарға жауын жәрдем берді. Таулы шекара аймағында қазақ-қырғыз бірігіп сөндіре алмаған қызыл жалын кеше түндегі нөсерден кейін ауыздықталғандай болды. Дегенмен, тілсіз жау әр жерде әлі де қылаң беріп жатыр.  Мамандардың сөзінше, қазір жағдай тұрақталғанымен, дала өртімен күрес  жалғасуда. Өрт сөндіру жұмыстарына жалпы саны 200-ге жуық адам мен 30-ға тарта техника тартылған. Алайда арнайы көліктер таулы аймаққа шыға алмай, тікұшақпен су шашуға тура келген. Ал мамандар қолдарына киіз, резіңке сынды заттар ұстап жалынмен жаяу алысты. Түндегі жауынның да пайдасы тиді. Себебі нөсер адам аяғы жетпейтін жерде тұтанған тілсіз жауды сөндіруге сеп болды. Болжам бойынша Қазақ-Қырғыз шектескен таулы аймақтың 2 жарым мың гектарға жуық  жері күлге айналған. Оқиға орнында тергеушілер де жүр. Олар осы тілсіз жауды ауыздықтау барысында болған қайғылы жағдайдың жай-жапсарын анықтап жатыр. 46 жастағы орманшы жалынмен алысып жүріп, құздан құлап жазым болған еді

Пікір қалдыру