• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Табиғатты қорғау саласында бірқатар жобалар іске асуда

0

Картинки по запросу табиғатты қорғау

Тараз қаласының сарқын суларын тазартатын кешен соғылуда . Бұл күрделі құрылыс болған соң, алдымен техникалық-экономикалық негіздемесі керек. Ол үшін 35 млн.теңге бөлінді. 15 тамызда жеңімпаз мекеме құрылыстың алғашқы бағасын, технологияның қалай болатындығы жөнінен айтатын болады.  Орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 186 млн.теңге бөлініп, 50 дана түрлі көлік пен арнайы техника алынды. (3-Shevrole-Niva, 13–МТЗ-952,2 маркалы трактор, 1-ЭБП-9 маркалы экскаваторы, 2-АЦ-0,9 маркалы автокөлігі, 5-RS200LT мотоциклдері, 10-2ПТС маркалы трактор тіркемесімен, 14-ПЛН3-3,5 соқалар,14-рация, 2 – мотопомпа). Бұдан басқа, бюджетті нақтылау барысында, 48,0 млн.теңгеге қосымша қажетті техникалар алынғалы жатыр.Бұған қоса, браконьерлермен күресті күшейту үшін Мамандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі құрылуда. Оған табиғатқа жаны ашитын адамдар тартылуда. Осы ретте, табиғатты қорғау, заңсыз аңшылықтан бас тарту жөнінде Декларация қабылдадық. Облыс басшылары, басқарма, мекеме басшылары осы Декларацияға қол қойып, өздеріне тиісті міндеттемелер алды. Осыған орай, бүгінгі жиынды пайдалана отырып, мәслихат депутаттарын, басқа да залда отырған лауазымды тұлғаларды осы Декларацияға қол қоюға шақырамын.  Жабайы жануарлар мекендейтін ортаның және өсімдіктер әлемінің жойылуына жол бермеу үшін Қордай, Шу аудандарын қамтитын аумағы 367 мың гектар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылуда. Бүгінгі күні ғылыми негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өтуде.  Сондай-ақ, Жуалы, Талас және Жамбыл аудандарының аумағында «Жуалы-Қарашат» зоологиялық қаумал үшін 148 мың гектар жер учаскелерін бөлу жұмыстары басталды. Яғни, облыс аумағының жарты миллионнан астам аңшылық алқабында аң аулаға, заңды түрде, мүлдем тиым салынатын болады.

Пікір қалдыру