• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

Алты айдағы жүйелі жұмыс жемісін берді

0

Картинки по запросу мырзахметов асқар

Облыс экономикасының барлық саласында жүйелендіру және оңтайландыру жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Әр салада және аудандар мен қалаларда күрделі мәселелер зерделеніп, оларды шешу жолдары айқындалуда. Бұл ретте, облыс әкімі аппаратының инспекторлық корпусының жұмысы жаңа форматта ұйымдастырылып, үәкілеттілігі күшейтілді. Жұмыс тиімділігін арттыру, орындаушылық тәртіпті нығайту мақсатында ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі бас инспекторларға айына 2 рет аудандарға, аудандағы елді мекендерге шығып, проблемалық мәселелерді зерделеуді, мемлекеттік бағдарламалардың, қойылған межелердің орындалуын қарауды және тұрғындармен кездесіп, олардың көтеріп отырған сұрақтарын талдауды тапсырылды. Бұл жөнінде арнайы Өкім де шықты. Бүгінгі күнге дейін аудандар мен Тараз қаласына 59 рет сапар жасалды. Онда 327 мәселе көтерілді. Яғни әкімдердің 44 пайызы, инспекторлардың 57 пайызы. Мәселен, зерделеу барысында облыс бойынша 62 әкім (44%) мен 145 учаскелік инспектор (57%) басқа округтардан қатынап жұмыс істейтіні анықталды. Аудан әкімдерінің мәліметіне сәйкес бұлардың барлығы тиісті мекендерге көшірілді. Бірақ, бұл әлі тексерілетін болады. Жыл басында барлық аудандар мен Тараз қаласында болып, жергілікті жерлерде өңдеу өнеркәсіптің аздығына, олардың жүктелімінің төмендігіне, бұл бағыттағы атқарушы органдардың жұмысына, нысандар құрылысының ЖСҚ құнының жоғары болуына, пайдаланылмай жатқан жерлер және басқа да шаруалар бойынша бірқатар сын-ескертпелер айтылып, тапсырмалар берілген болатын. Жалпы экономикалық көрсеткіштер оң болғанымен, шешілмеген сұрақтар жеткілікті. Жергілікті активпен өткен кездесулерде жұмыстардың толық ұйымдастырылмағаны, кемшіліктер айтылды. Сондықтан бағаны шығара отырып, және жылдың басында жасалған келісімді ескере келе, аудан деңгейінде 22 кызметкерді жұмыстан босату, 78 қызметкерге тәртіптік шара қолдану бойынша шешімдер қабылданды. Яғни, нақты индикаторларды межелеу, мерзіміне сәйкес карап, шешім қабылдау — бұл да жүйе.  Облыс әкімі орынбасарларына да өз кезегінде айына 1 рет аудандарға шығып, қадағалайтын салалар бойынша проблемалық мәслелерді қарап отыру жүктеліп отыр

Пікір қалдыру