• Валюта бағамы: USD 371.31 | EUR 419.32 | RUB 5.59 | CNY 53.83 |

СҚО облысының оқушылары Таразға келді

0

25 жасөспірім Солтүстік Қазақстан облысынан арнайы жіберілген. Олар 3 күн бойы көне шаһардың терең тарихымен танысып, өңірдің киелі жерлерін аралайды. Экскурсияның алғашқы күні балалар «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында болды. Ашық аспан астындағы музейді көріп, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігерлерді тамашалады. Одан кейін ХІ ғасырда салынған Қарахан баба кесенесіне кіріп тағзым етті. Бағдарлама бойынша Айша бибі Бабаджа хатун, Тектұрмас кесенелері сияқты тарихи орындармен таныстыру жоспарланған. Шара еліміздің әр аймағындағы жеткіншектерге қасиетті жерлерді таныстыру, әрбір өлке жайлы танымын кеңейту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бірінші кезекте оқу озаттары, аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылған.

Пікір қалдыру