• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

Шу ауданының әкім орынбасары тағайындалды

0

Шу ауданы әкімінің 2018 жылғы 09 тамыздағы №138 өкімімен Кожагаппанова Клара Исакқызы аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Клара Исакқызы функционалдық қызметіне ауданның әлеуметтік мәселелер, денсаулық сақтау, білім және идеологиялық мәселелер жатады. Кожагаппанова Клара Исакқызы 1964 жылы Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары 1987 жылы Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогика институтын физика және математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1987 жылы Герцен атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1989-1991 жылдары Шу қалалық комсомол комитетінің хатшысы; 1991-1993 жылдары Шу қаласы, Макаренко атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі; 1993-2002 жылдары Шу қаласы, «Жібек жолы» мектеп-лицейінің тәрбие ісі жұмыстары бойынша директордың орынбасары және физика пәнінің мұғалімі; 2002-2003 жылдары Жамбыл облыстық білім беру басқармасының облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығының бөлім меңгерушісі; 2003-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру департаментінің мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталығының бөлім меңгерушісі; 2007-2010 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №35 орта мектебінің директоры; 2010-2011 жылдары Шу ауданы әкімдігінің білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы; 2011-2017 жылдары Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы; 2017-2018 жылдары Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. Отбасылы, 2 ұл тәрбиелеп өсіруде.

 

Пікір қалдыру