• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

29 әлеуметтік нысан ел игілігіне беріледі

0

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  іске асыру  бойынша жүргізілген жобалар мен өңірде атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді. Баспасөз конференцияның алдында републикалық БАҚ өкілдері  «ҚазМедиа» орталығының фойесінде облыстағы Өңірлік жобалық офистің интерактивті алаңдары туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік алды.Бағдарлама аясында өңірлік жобалық кеңсе құрылып, сарапшылар кеңесі өз жұмысына кірісті.  Осыған сәйкес, өңір басшысы өткен жылы өңірде  1,1 млрд теңгені құрайтын 22 жоба мен іс-шара өткізілгендігін, ағымдағы жылы құны 3,8 млрд теңгеге болатын 133 жоба мен 66 іс-шара қолға алынатындығын жеткізді. Тағы айта кетерлігі, өңірден шыққан 80-ге жуық кәсіпкер-меценаттардың  есебінен жалпы құны 817 миллион теңге болатын 23 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Биыл жалпы құны 1,5 миллиард теңге болатын 29 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілетін болады.

Пікір қалдыру