• Валюта бағамы: USD 371.31 | EUR 419.32 | RUB 5.59 | CNY 53.83 |

Тараз қаласында 27 нысанның жобалық құжаттары әзірленуде

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Ахатаев Әділет Бегалыұлының қатысуымен Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту, жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру туралы баспасөз конференция өтті. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру бойынша жалпы Қазақстан Республикасында бүгінгі күнге аккредиттелген эксперттік ұйымдардың саны 123, оның ішінде 6 эксперттік ұйым Жамбыл облысында тіркелген. Сараптамадан өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. («Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»). Акредиттелген мекемелерге сәйкес, аттестаттарын алу үшін құрылыс саласындағы өкілетті орган Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінен өтеді. Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңына сәйкес атестатты алу үшін, мекемеде аталған сала бойынша 5 жыл еңбек өтілімі бар, аттестаты бар 5 эксперт болуы керек. Атап айтқанда: — Эксперт конструктор; — Электр желілері бойынша эксперт; — Бас жоспар бойынша эксперт; — Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша эксперт; — Сметалық есептеулер бойынша эксперт.

 

Пікір қалдыру