• Валюта бағамы: USD 361.66 | EUR 409.51 | RUB 5.41 | CNY 52.36 |

Жуалыда Коворкинг орталығы ашылды

0

Картинки по запросу коворкинг

Жамбыл облысы Жуалы ауданында тұңғыш коворкинг орталығы ашылды.  Бастама «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында жүзеге асып отыр. «Коворкинг» сөзі ағылшын тілінен бірлесіп жұмыс істеу дегенді білдіреді. Яғни орталыққа жиналған келушілер түрлі сала мамандарымен онлайн-оффлайн форматындағы кездесулер, еркін пікір алмасу, дебат,  семинар-тренингтер өткізеді. Шахмат, тоғызқұмалақ сиақты интеллекті дамытатын үстел ойындарын ойнайды.  Мүдделес адамдармен бірігіп, кофе үстінде жобаларын талқылай алады. Бастаманың негізгі мақсаты жастарды кітап оқуға шақыру болғандықтан, мұнда 30 мыңға жуық кітап қоры бар электронды кітапхана жұмыс істейді. Онда балалар әдебиетінен бастап классика ақын-жазушылардың шығармалары қойылған. Орталықта барлық санаттағы келушілерге жағдай жасалған. Тіпті көзі әлсіз көретін , мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Луиз Брайлдің алфавитінен құралған шағын кітапханасы бар. Орталықтың тұрақты оқырмандар тізімде еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін бар.  Қарастырылған  мүмкіндіктердің барлығын ақысыз қолдана аласыз Кітапханаға келген әр жанұя мүшесі өзіне қажетін тауып, бос уақытын тиімді өткізеді деп сенуде жоба ұйымдастырушылар

Пікір қалдыру