• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

«Ақыртас» туризм көзіне айналады

0

Картинки по запросу ақыртас тараз

Баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген облыс әкімі Асқар Мырзахметов алдағы жоспарлармен бөлісті.

– Облысымызда 3 400-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Соның ішінде Ақыртас кешені күрделі құпияға толы нысан ретінде Египет кереметтері, Афины акропольдары, Рим колизейі, Перудегі Майя сарайлары және антикалық аңыздармен деңгейлес жатқан алып құрылыс ретінде бағалануда. Алдағы уақытта осы жерден этноауыл салу көзделуде. Сонымен қатар, мұнда келетін туристерге сапалы қызмет көрсететін демалыс орны да жасақталмақ, — деді өңір басшысы.

Әрине, туристердің барған жерінен кәдесый алып кеткісі келетіні бесенеден белгілі. Бұл, бір жағынан, шағын кәсіпкерліктің дамуына да өз септігін тигізбек. Сондықтан, алдағы уақытта Тараз қаласындағы бұрынғы «Шахристан» базарының орнынан қолөнер бұйымдарын, кәдесыйлар жасайтын шеберхананың ашылуы да жоспарланып отыр екен. Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде, Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан Ақыртас кешені ғасырдан астам уақыттан бері зерттеліп келеді. Алайда, әлі де тылсым сыры толық ашылмаған.

Бұл жерге зерттеу жүргізген ғалымдар түрліше пікір, тұжырым айтады. Базбір зерттеушілер Несториан немесе будда монастыры болған деп те болжаған. Бірақ, 1996 жылғы зерттеулер барысындағы көп колонналы түрде салынбақшы болған мешіт орнының табылуы бұл пікірді жоққа шығарды. Т.Қ.Басенов Ақыртас құрылысын VIII-IX ғасырлардағы қамал-сарай деген болатын. Енді бір зерттеушелір ежелгі Касрибас қаласы десе, келесі болжамдар бұны керуен-сарай деп топшылайды. Академик Карл Байпақов Ақыртасты VIII ғасырдың ортасындағы қарлұқ билеушілерінің резиденциясы деген тоқтамға келіп отыр. Зерттеушілердің ізденістері ислам дінінің қазақ даласына VIII ғасырдың ортасында ене бастағанын негізге ала отырып, бұл құрылыстың сол дәуірдің туындысы екендігіне көз жеткізуге болатынын растады

Пікір қалдыру