• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

Жамбыл облысында жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны басталды

0

Шу ауданында облыстық «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетасы басталды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында көрсетілген 10 негізгі міндеттің бірі әрі негізгісі – «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» болып бекітілген. Осы орайда, аталған іс шара  халықты аталмыш дертке қарсы жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

“Жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы тек құқық қорғау органдары тарапынан ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік және азаматтық қоғам өкілдері, бизнес қауымдастық пен жастар ұйымдарының да назарынан тыс қалмауы керек”, – деді  аудан әкімі  Қайрат Досаев.

Қоғамдық қатерге қарсы тұру мақсатында ұйымдастырылып жатқан «Адал жол» марафон-эстафетасы Шу ауданында 16 шілде мен 3 тамыз аралығында өтеді. 3 тамыз күні марафон-эстафета Мойынқұм ауданына табысталатын болады.

Пікір қалдыру