• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

Жамбылдың сотына цифрландыру енді

0

Картинки по запросу сот

Жамбыл облысында цифрландыру сот өндірісі сапасын айтарлықтай арттыра түсті.  24.kz сайты хабарлайды.

Аймақта пилоттық жоба алғаш рет енгізіліп отыр. Енді судьяға іс материалдар тіркелген сәттен бастап электронды түрде қолжетімді болады. Яғни, тың жүйенің тиімділігі арқасында тергеушінің, адвокаттың, сарапшының әрбір процессуалды іс-қимылы көрініп тұрады. Бұл – судьяға істі жан-жақты түсініп, әділ жүргізуіне үлкен мүмкіндік. Процеске қатысушылар, оның ішінде қорғаушы да іспен қашықтан таныса алады. Мәселен, биыл электронды түрде 79 азаматтық іс қаралған. Цифрландыру саласындағы жаңа технологиялар уақытты тек үнемдеп қана қоймай, коммуникация мен басқарушылықты жеңілдетуге өз септігін тигізуде.

Ғалым Құлекеев, облыстық сотының судьясы:

– Жамбыл облыстық соттарына әкімшілік істердің 98,2 пайызы цифрлы форматта түседі. Сонымен қатар қазіргі таңда заңдылық судьяға көмек модулі ретінде бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама сот судьяға, сотталшыларға жаза тағайындауға өз ықпалын, өз көмегін тигізіп жатыр.

Пікір қалдыру