• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

Таразда жылу жүйелері жаңаруда

0

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі коғамдық кеңеспен партияның облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясы жанынан құрылған арнайы  комиссия мүшелері  қаладағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жылу жүйелерін қайта жаңғырту бағытында құрылыс нысандарының сапасын бақылады. Бұл туралы Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметіне хатшысы хабарлайды.Аталмыш мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жылумен қамту желілерін жаңғырту бағыты бойынша 3 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1 786,5 млн теңге қарастырылған.Партия белсенділері әуелі Абай даңғылы бойындағы жүргізіліп жатқан жылу магистралінің жұмыс сапасымен  танысты. «Арайстроймаркет-2003» серіктестігі мердігер атанған құрылыс барысында қазіргі уақытта жұмыс 70 пайызға аяқталып отыр. Ал «Techno Construction Company» серіктестігі мен «КорпорацияЖилСтройТараз» компаниясы  жүргізіп жатқан  монтаждау жұмыстары аяқталуға таяу. Құрылыс жұмыстарының жай-жапсарын «ТаразТрансЭнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Ерік Көшербаев комиссия құрамына мәлімдеді.

 Тапсырыс берушілер мен халықтың сұранысы бойынша  3 нысанның да құрылысы 1 қыркүйекте аяқталады деп жоспарланып отыр. Себебі, жаңа оқу жылында мектепке баратын оқушылар үшін де қолайлы жағдай қажет.  Сонымен қатар ыстық су беруі де назарға алып отырмыз. Үш нысанда толықтай жаңартылады. Екі ай жұмыс кеш басталса да жұмыстарды аяқтауға барлық мүмкіндік бар. 1 маусымнан бастау алған жұмысты тіпті мерзімінен бұрын межелеуді көздеп отырмыз, – дейді Ерік Әубәкірұлы.

Пікір қалдыру