• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

Жамбылда «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының» орталығы ашылды

0

Тағдырдың талайымен шетел асып, ел тәуелсіздігін алғаннан кейін атамекенге оралған қандастарымыздың құқығын қорғау енді қолжетімдірек болмақ. Жамбыл облысында «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының» филиалдары  ашыла бастады. Ең бірінші бөлімше Сарысу ауданында ашылып, төрайымы тағайындалды.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты әуелден-ақ, республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу болатын. Сондай-ақ, бұл қоғамдық бірлестік  тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, құқықтық көмек беруді  көздейді.

«Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы төрағасы – Талас аудандық мәслихатының хатшысы Арқабек Төлебаев Сарысу ауданының ардагерлерімен кездесіп, ұйымның жұмысымен таныстырды. Ендігі жерде жүрегі «қазақ» деп соғатын кез-келген азамат осы ұйымға мүше бола алады.

Айта кетейік, мұндай бөлімшелер облыстың барлық аудандарында ашылады.

Пікір қалдыру