• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Байзақта түрік этномәдени орталығы жиын өткізді

0

Картинки по запросу кеңес отырысы

«Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы» ел ішінде кең қолдауға ие болуда.  Байзақ ауданында түрік этномәдени орталығының өкілдері  Елбасы жария еткен жаңалықтармен танысып, ойталқыға салды. Елімізде түрлі жеңілдіктер мен тиімді тетіктер арқылы баспаналы болғандардың қатары басым. Жыл санап мүмкіндіктер кеңейсе де, әлеуметтік мәселенің түйіні тарқап бітті деп айту қиын. Көптеген отбасы үйсіз жүр.Сондықтан Елбасы жария еткен үндеуінде тұрғын үй алудың тағы бір тиімді тетігін ұсынды. Ол «7-20-25» бағдарламасы. Төрт кезең бойынша жүзеге асып, жаттың жалдамалы пәтерінде жүрген жандардың қалтасына қатты батпайтын арзан ресурстардың жолдары көрсетілді.Бұл әсіресе әскерилер үшін жақсы жаңалық. 25 жыл бойы Отанға қалтқысыз қызмет етем деп, пәтерге қол жеткізе алмайтын жағдайлар да бар.Әрбір үндеу жіктеліп, қоғамға дер кезінде жарияланғандығы қөңілден шықты дейді, қатысушылар. Елді елең еткізген бастама  таптырмас мүмкіндік болары анық. Маңызы зор жобалар қолға алынып, алдағы уақытта өмір сүру деңгейі жақсаратынына сенімді.

Әділ Агалиев – кәсіпкер /Елбасының 5 бастамасы халықтың әлеуметтік жағдаын жақсартуға арналған. Әсіресе, жастарға үлкен қамқорлық көрсетіп отыр. Студенттерге грант санын көбейтіп, жатақханамен қамтамасыз етуі маңызды деп ойлаймын. Тағы 5-20-25 бағдарламасы үйсіз жүрген ауыл азаматтарына таптырмас мүмкіндік. Бүгінгі жиында осыны айттық/

 

Пікір қалдыру