• Валюта бағамы: USD 384.05 | EUR 432.79 | RUB 5.96 | CNY 55.46 |

Қаражатты мақсатты игеру қолға алынды

0

Картинки по запросу қаражат

Елбасының «Ұлт жоспары–асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты стратегиялық мәні зор құжатының қабылданғаны мәлім. Басты мақсаты халықтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеру, мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру болып табылатын құжат аясында облыста жасалған жұмыстар жетерлік. Өңір басшысының төрағалық етуімен өткен жиында аталмыш стратегиялық құжатты жүзеге асыру барысы қаралды.

Сондай-ақ, мүлікті жария ету жұмыстары қолға алынып, өңірде жалпы құны 47,6 миллион теңге болатын 9974 мүлік жария етілді. Жамбылдықтардың жеке иелегіндегі 17,6 миллион теңге қаражат та заңдастырылды. Жыл басынан бастап облыстағы халық саны 2000-нан асатын 114 ауылда дербес бюджет енгізіліп, ондағы қаражатты мақсатты игеру қолға алынды.

Пікір қалдыру