• Валюта бағамы: USD 386.91 | EUR 428.81 | RUB 5.79 | CNY 54.79 |

Облыстағы 7 мектепте «Назарбаев» зияткерлік мектебінің тәжірибелері енгізілді

0

Картинки по запросу назарбаев мектебі

Елбасының «Ұлт жоспары–асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты стратегиялық мәні зор құжатының қабылданғаны мәлім. Басты мақсаты халықтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеру, мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру болып табылатын құжат аясында облыста жасалған жұмыстар жетерлік. Өңір басшысының төрағалық етуімен өткен жиында аталмыш стратегиялық құжатты жүзеге асыру барысы қаралды.

Өңірде реформаның өзегі саналатын адами капиталды дамыту жұмыстары да өз деңгейінде жүзе асып келеді. Орта мектептер жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңімен көшуді бастады. Сонымен бірге, облыстағы 7 мектепте «Назарбаев» зияткерлік мектебінің тәжірибелері енгізілді. Алдағы уақытта бұл тәжірибені қосымша 7 мектепке енгізу жоспарланып отыр.Мұнан бөлек, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтасыз ету ісінде де ілгерушілік байқалуда.
Жиын соңында облыс әкімі салалық басқарма басшылары мен мемлекеттік мекемелердің жетекшілерін Ұлт жоспары–бес
институциялдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамын» басшылыққа ала отырып, жергілікті жерде атқарылатын жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Пікір қалдыру