• Валюта бағамы: USD 386.91 | EUR 428.81 | RUB 5.79 | CNY 54.79 |

«Айқын жоспар – сенімді қадам» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті

0

Картинки по запросу тілдерді дамыту орталығы тараз

Бүгін Елбасының «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарына арналған «Айқын жоспар – сенімді қадам» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Облыстық тілдер дамыту басқармасының ұйытқы болуымен  өткен жиынға зиялы қауым өкілдері, Жоғарғы оқу орнының оқытушылары, мемлекеттік тілді оқыту орталығының қызметкерлері мен тіл жанашырлары қатысты. «100 нақты қадам» — бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, сонымен қатар жаңа тарихи кезеңде еліміздің дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Бағдарлама бойынша облысымызда ақпараттық топ құрылып, барлық аудандар мен Тараз қаласында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.Қатысушылар «Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аппарат», «Индустриаландыру және экономикалық өсім», «Біртекті ұлт болашағы» тақырыптарында әңгіме өрбітіп, үздік отыздыққа апарар 100 қадам бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша түрлі пікірлер мен ұсыныстарын білдірді. Қазақстанның даму жолы сараланып,  бірегейлік пен бірлікті нығайтуға бағытталған жиын мәңгілік елге бастайтын мәртебелі жолда аянбай тер төгіп, қажымай еңбек ету керек деген қатысушылардың ортақ пікірімен  қорытындыланды.

 

 

 

Пікір қалдыру