• Валюта бағамы: USD 386.91 | EUR 428.81 | RUB 5.79 | CNY 54.79 |

Жаңа Жамбыл фосфор зауытында жиын өтті

0

Картинки по запросу казфосфат жиын

«Тәуелсіздік. Бірлік. Өркендеу» Осындай тақырыпта бүгін «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» ЖШС-де «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында дөңгелек үстел өтті.

Еліміздің даму діңгегіне айналған Ұлт жоспары – ұлт пен ұлыстарды ұйыстыратын, өткір де ұтқыр идеяға құрылған ортақ іс. «Кәсіби мемле­кет­тік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индус­трияландыру және экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы нақты бағыттары айқындалған.Бүгінгі жиында нақ осы реформалардың «Индустриаландыру және экономикалық өсім» бағытына айқын басымдық берілді. Себебі еліміздегі ірі кәсіпорын – Жаңа Жамбыл фосфор зауыты бүгінде индустрия бағытында тындырымды тірліктер атқарып келеді. Енді Елбасы бағыттап берген 100 нақты қадам аясында әлі де қыруар істер атқармақшы.  Жиында реформада көрсетілген 45,83,77,51-ші қадамдар бойынша зауыт жұмысшыларының баяндамасы тыңдалды. Әрине, бүгінде әрбір кәсіпорында шешілмей жатқан мәселелер жоқ емес. Бірақ, Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі даму кезеңі Ұлт жоспарын қалай жүзеге асыратындықтарына байланысты,- дейді жиынға қатысушылар. Ел дамуына екпін беретін – «100 нақты қадам» ұлттық жоспары барлық құрылымға қан жүгіртті. Енді, Елбасымыз атап көрсеткендей, біз осынау ортақ игі мақсатқа бірігіп, ел үшін, болашағымыздың мықты тірегі «100 нақты қадам» үшін жарқын елдің жарқын азаматтары ретінде атсалысуымыз керек,- деп тарқасты зауыт қызметкерлері

Пікір қалдыру