• Валюта бағамы: USD 384.05 | EUR 432.79 | RUB 5.96 | CNY 55.46 |

Байзақ ауданында «Жамбыл құс» ЖШС-ның ұжымымен кездесу болып өтті

0

Картинки по запросу байзақ ауданы кездесу

Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарын түсіндіру, насихаттау мақсатында Байзақ ауданында «Жамбыл құс» ЖШС-ның ұжымымен кездесу болып өтті.  Байзақ ауданында құс еті өндірісі дамып келеді. Бұған дәлел «Жамбыл құс» ЖШС. Мекемеде өткен кездесу барысында 100 нақты қадам бағдарламасын талқылауда ұлт жоспарының тең жартысы кәсіпкерлер үшін маңызды индустрияландыру мен экономикалық өрлеуге қатысты екендігі айтылды. Елбасының жариялаған институционалдық жаңа бағдарламасы Қазақстанды жаңа белеске шығаратын бағыты айқын жоба деп айтуға болады. «Әсіресе, біздегі кәсіпкерліктің қарқынды дамуы, алдымыздағы стратегиялық мақсатымыз, 2050 жылға қарай ішкі өнімнің елу пайызы шағын және орта бизнестің үлесінде болуы – ең маңызды стратегиялық бағыт. Осы бағытқа жету үшін қарқынды жұмыс жасау керектігі кездесуде баса айтылды. Сондай-ақ жиында тақырып төңірегінде баяндамалар оқылып, пікірлерімен бөлісті.

Пікір қалдыру