• Валюта бағамы: USD 386.91 | EUR 428.81 | RUB 5.79 | CNY 54.79 |

Облыстық азаматтық альянс ассоциациясы ұйымдастыруымен жиын өтті

0

Картинки по запросу Облыстық азаматтық альянс ассоциациясы

Елбасының жаңа реформаларын халыққа жеткізу, насихаттау мақсатында бүгін «Қазақстан: 5 реформа және 100 қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Облыстық азаматтық альянс ассоциациясы ұйымдастырған жиынға аймақтық ассамблея мүшелері, түрлі этномәдени бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында Азаматтық Альянс жетекшісі Заир Юлдашев ұлттық жоспар барысы – елдігімізді бекемдейтін 5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 қадам жөнінде толыққанды мағлұмат берді. Ол Қазақстан Халқы ассамблеясы мен ҮЕҰ алдына қойылған міндеттердің көп екендігін атап өтті. Осы орайда ҮЕҰ-дың жұмысын жандандыру әрі оның дамуына барынша қолдау көрсету маңызды. Сондай-ақ, қатысушылар «Қазіргі кездегі Қазақстан республикасындағы мемлекеттік аппарат», «Индустриаландыру және экономикалық өсім», «Біртекті ұлт болашағы» тақырыптарында баяндамалар тыңдап, үздік отыздыққа апарар 100 қадам бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша түрлі пікірлер мен ұсыныстарын білдірді. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға бағытталған жиын мәңгілік елге бастайтын мәртебелі жолда аянбай тер төгіп, қажымай еңбек ету керек деген қатысушылардың ортақ пікірімен  қорытындыланды.

Пікір қалдыру