• Валюта бағамы: USD 384.05 | EUR 432.79 | RUB 5.96 | CNY 55.46 |

Байзақ және Меркі аудандарында дөңгелек үстел отырысы өтті.

0

Картинки по запросу дөңгелек үстел

«100 нақты қадам- Болашаққа нақты жоспар». Осындай тақырыппен Байзақ және Меркі  аудандарында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасы біздің елімізді дамудың жаңа тарихи сатысына шығаруы тиіс» — деген болатын. Осыған орай «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған десек те болады. Жиынға қатысушылардың айтуы бойынша, бұл теңдессіз жоба елімізге «Қазақстан — 2050 Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Ал Меркі аудандық орталық кітапханада өткен дөңгелек үстелге  кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты. ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, облысымызға танымал ақын Шырын Мамасерікова мен  Меркі аудандық «Ахыска» түрік-этномәдени бірлестігінің жетекшісі Айваз Османов Елбасымыздың сарабдал саясаты, еліміздің даму барысы туралы  кітапханашылармен ой бөлісті. Биылғы көктемде Президенттікке сайланған Елбасымызды ұлықтау рәсіміне барғандағы әсерлерін де    жеткізді. Қатысушылар 5 институционалды  реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадамның» елімізді түбегейлі өзгертуге арналған бағдарлама екенін атап өтті. Мұндай ауқымы кең,  тарихи мәні зор бағдарламаны жүзеге асыруға  әрбір азамат өз шама-шарқынша үлес қосуы тиіс. «Дөңгелек үстелде» ақын  өлең  оқып,  қатысушыларға серпіліс сыйлады.

Пікір қалдыру