• Валюта бағамы: USD 384.05 | EUR 432.79 | RUB 5.96 | CNY 55.46 |

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ.

0

Картинки по запросу бәйтерек мөлтек ауданы тараз

  Елбасы ұсынған 5 институтты  реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадамы». Ел болашағының жарқын болуын көздейтін бұл стратегиялық құжат барлық саланың ілгері басуына сеп болмақ. Әсіресе, құрылыс саласындағы нақты жоспарлар өңірде  қарқынды жүріп жатқан құрылысқа жаңаша серпін береді. Ұлт мүддесі үшін жасалған 100 нақты қадамға  құрыш білекті құрылысшылар осылай баға беруде. Бүгінде қай жерге бармасаң да көркі мен сәулеті келіскен түрлі нысандар   бой көтерілуде. Солардың бірі  — Бәйтерек мөлтек ауданындағы жаңа балабақша. Елбасы ұсынған 100 нақты қадам реформасымен танысқан осы құрылыс саласының мамандары жобалық-сметалық сараптамадан өткізуде оңтайландыру тапсырмасы бүгінде қарқын алып жатқан түрлі құрылыстардың сапалы болуына ықпалын тигізбек дейді. Реформаның   46, 47, 48, және 49-ы қадамдарында салада   бұдан өзге бірқатар өзгерістер орын алатыны туралы айтылған. Алдағы кезеңдерден бастап құрылыс жүргізу үшін түрлі мекемеден  рұқсатнама  алу қажетсіз болып қалады.  5 реформа бойынша кеңестік кезеңнен қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген ережелері өзгеріске енеді. Ортақ еурокод жүйесі инновациялық материалдарды қолдануға, саладағы шетелдік қызмет нарығына жоғарыдағы аталған қазақстандық компаниялардың шығуына мүмкіндік туғызбақ. Сол үшін құрылысшылар жаңа әрі нақты өзгерістермен алдағы уақытта өз мақсаттарын жүзеге асыруды басты бағыт қылып отыр.

Пікір қалдыру