• Валюта бағамы: USD 386.91 | EUR 428.81 | RUB 5.79 | CNY 54.79 |

«Бәйтерек» шағын ауданында жаңа мектеп ашылды

0

 ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу мектеп

Биылғы жаңа оқу жылын Тараз қаласындағы «Бәйтерек» шағын ауданының тұрғындары ерекше қуанышпен қарсы алып отыр. Көпшіліктің көптен бергі тілегі орындалып, су жаңа мектеп-лицей оқушыларға есігін айқара ашты.  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында, сондай-ақ,  елімізде білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ел игілігіне берілген бұл білім мекемесі 1200 оқушыға арналған. Жаңа мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысып,  жүзінде қуаныш, жүрегін шаттық кернеген оқушылар мен ата-аналарды және ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтады.Жаңа оқу жылында өз қызметін бастаған мектептің лентасын білім саласында қажырлы еңбек еткен ардагер ұстаз Нүркен Қасымова мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қиып, символикалық кілтті салтанатты түрде мектеп басшылығына табыс етті. Бұған дейін, бірнеше шақырымдағы мектептерге қатынап оқитын осы аумақтың оқушылары енді  осы №3-ші мектеп лицейде білім алатын болды.  Ата –аналармен бірге, кішкентай бүлдіршіндердің бүгінгі қуанышында шек жоқ. Мектептің құрылысын жүргізген мердігер компания білім беру ошағының  материалдық-техникалық базасын да заманауи үлгіде жабдықтапты.  7 блоктан тұратын мектептің асханасында бір мезгілде 400 бала тамақтана алады. 48 оқу кабинеті, 351 орындық акт залы бар. Мектеп жаңа модификациялы физика, химия, биология лингафонды –мультммедиялық , компьютерлік кабиенттермен сонымен бірге кітапханамен қоса, 46 орынды оқу залы да бар. Ал 4 блокты спорт залында оқушылардың спортпен емін-еркін айналысуына мүмкіндік бар. Биыл мұнда  200-ге жуық бүлдіршін бірінші сынып табалдырығын аттап отыр.

Пікір қалдыру