• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (видеосюжет)

0

Облыстық әкімдікте Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен тағы бір жиын өтті. Мұнда кәсіпкерлік саласында және  өңірдің индустриаландыру картасы шеңберінде жасалып жатқан жұмыстар талқыланды. Басқарма басшысы жалпы, ағымдағы жылдың жеті ай қорытындысы бойынша мәліметтермен таныстырды.  Жыл соңына дейін жалпы құны 16,9 млр теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылады деп жоспарлануда. Нәтижесінде 947 жұмыс орны ашылады. Ал индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 42 инвестжоба ұсынылған. Олардың жалпы құны 584,2 млрд теңгені құрайды. Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Яғни, әрбір іске асырылатын жоба бойынша нақты талдау қажет, деді әкім. Атап айтқанда, жобаның қуаттылығы, ол іске қосылғанда аймақ экономикасына келер пайдасы, сонымен бірге, тірлікке тұсау болып отырған жағдайлар қандай деген сынды терең зерделеу жұмыстары жасалмай отыр. Өңірлік немесе Үкіметтік деңгейде шешілетін проблемалар нақты көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге, бұл істе сылбырлық танытып отырған кәсіпкерлік палатасының жұмысына сын айтылды. Асқар Мырзахметов сонымен бірге аудан әкімдеріне де нақты тапсырмалар берді. Аудан басшылары бір аптаның көлемінде өз аумақтарындағы кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік палатасы және басқармамен бірлесіп, іске асырылатын жобалар жайын анықтаулары тиіс. Сонымен бірге, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарындағы проблемаларға да назар аударуды міндеттеді. Осылайша, анықталған өзекті жайттар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілмек. Даму картасы бекітілді, енді ондағы көрсетілген міндеттемелердің орындалуына әр айда анализ жасалып тұруы керек, деді әкім.

Пікір қалдыру