• Валюта бағамы: USD 386.7 | EUR 427.15 | RUB 6.06 | CNY 54.57 |

Жатақхана жайы жақсы

0

Облыстық жастар орталығы бөлімінің мұрындық болуымен  жатаханаға рейд ұйымдастырылды. Студенттерге уақытша пана болған ғимараттардың жағдайы жалпы жақсы. Алайда әттеген – ай тұстары да баршылық. Білім қуған жастардың тұрғылықты мекеніне айналған жатахананың жағдайын Ертай Райымбек көріп қайтты. Алдымен ТарМУ жатаханасына бас сұқтық. 500 ге жуық студентке лайықталған жатахана мұнтаздай таза. Мәжіліс залынан бастап, асхана, жуынатын бөлме, жатын бөлмелер,  соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген. Комьютер сыныптары мен кітапханасы да  бар. Жалпы,  бұл оқу ордасында  бас аяғы 2 жатахана бар. Ал білім қуып келген  Назерке Исрайылова  жатаханаға көңілім толады дейді.Алайда терезе сыртына шығарып қойған азық түліктің бұл көрінісі тоңазытқыштың жоқтығын бірден аңғартты. Айта кетейік бұл жерде студенттер тегін тұрмайды. Жылына 25 мың теңге төлейді. Ал студенттер кәсіп одақ кеңесінің төрағасы болса бізде қажеттілік сезілммейді деп отыр. 1981 жылы қолданысқа берілген политехникалық колледжінің 2 мыннан астам студентінің   6 пайызы  ғана жатаханамен қамтамасыз етілген. Әлі күнге дейің күрделі жөндеу көрмеген жатахананы, осы күнге дейін оқу орнындағы әктеу , сырлау секілді жұмыстарды сондағы мамандар істейміз деп отыр. Айта кетерлігі білім іздеген  кез – келген  жасқа 2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсету аясында тегін тұруға рұқсат етілген екен. Жоғарыдағы университетте жоқ тоңазытқышты колледжден көріп қалдық.  Жастар жатаханамен қамтылуы тиіс. Қәзір Қазақстанда 75 мыңға жуық студент жатаханаға зәру. Бұл біздің емес, мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың сөзі. Өткен жылға қарағанда елбасымыз білім беру жүйесіне, оның ішінде оқу орындарындағы жатахана мәселесіне жіті мәң беру керектігің тапсырған – ды.

Пікір қалдыру