• Валюта бағамы: USD 386.7 | EUR 427.15 | RUB 6.06 | CNY 54.57 |

Құланда жаңа саябақ ашылды

0

Жамбыл облысы Құлан ауданында еңбегі еленген азамат атына аллея ашылды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында салынған аллея Нусираттула Тойғанбеков атында. Ашылу салтанатына ауданның зиялы қауым өкілдері мен  мен ардагерлер кеңесі қатысып,лента қиылды. Еңбек жолын 1970 жылы бастаған Нусираттула Тойғанбеков колхозда тракторшы болып бастаған. Еңбегінің бейнетін көрген азамат ІІ және ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқ орденінің иегері, 15 мәрте егін орағының жеңімпазы болып, жемісті жұмыс атқарған. 63 жасында өмірден өткен еңбек ардагерінің ұл-қыздары әкелеріне арнап аллея ашуды жөн көріпті. Саябақ ауылдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта-мектеп маңынан ашылды. Жиын соңында еңбекқор азамат атына мектеп оқушыларынан өлең оқылып, ән ,биден шашу шашылды.

Пікір қалдыру