• Валюта бағамы: USD 386.7 | EUR 427.15 | RUB 6.06 | CNY 54.57 |

Шу ауданының тұрғындар тілегі тыңдалды

0

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президентің Бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жүзеге асырылуы бойынша «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалының мәжіліс залында Президентінің Бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын бақылау жөніндегі аймақтық Қоғамдық кеңестің төрағасы, «Жамбыл облыстық кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Мейрамбек Төлепберген қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 4 азамат келіп, «7-20-25» бағдарламасына ауылдық жерлердегі азаматтарға қолжетімді болу, техникалық және айлық аз алатын қызметкерлердің айлықтарын көтерудің басқа жолдары мен жатақхана төлемақы бойынша осал топтағы азаматтарға, яғни көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан білімгерлерге жеңілдік немесе төлемақыны бөліп төлеуді қарастыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар облыс мәслихаттың депутаты Мейрамбек Төлепберген Шу ауданы әкінің қабылдауында болып ауданда атқарылып жатқан біршама жұмыстармен танысты.

Пікір қалдыру