• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

ЛЕНИН КӨШЕСІНІҢ АТАУЫ АУЫСТЫ

0

  Тараз қаласындағы  Ленин  көшесі енді  «Бейбітшілік» деп аталатын болды. Халық қалаулылары бүгін осындай тоқтамға келді. Тараз қалалық мәслихаты жанындағы тұрақты комиссиялар отырысында осы мәселе қаралып, депутаттар бұған дейін Ленин атымен аталып келген көшеге «Бейбітшілік» атауын беруге бірауыздан келісімін берді.

Бүгінде елімізде жер-су атауларын, жалпы ономастикалық жағдайды оңалту жұмыстары жүргізіліп келеді. Ұмыт болған көптеген топонимдік атаулар қайта жаңғыртылуда.  Қоғамдағы әлеуметтік ахуалды қалпына келтіру мақсатында  жүйелі жұмыстар жасалып жатыр. Десек те, сонау кеңес дәуіріндегі атаулардан  толығымен әлі күнге дейін арыла алмай келеміз. Оның ішінде Тараз қаласындағы Ленин көшесін қайта атау туралы жергілікті тұрғындардан бірнеше рет  ұсыныс түскен. Алайда, бұл мәселе қанша рет тұрақты комиссия отырысында қаралғанымен, ортақ бір шешім шығарылмаған еді. Бүгінгі жиында бұл іске нүкте қойылды. Жалпы жаңа атау алған көшенің ұзындығы – 2928 м құрайды. Жиында Ленин есімі кеңестік кезеңде қалған атау екендігі айтылды. Сонымен,  көше атауын тұрақты комиссия мүшелерінің  шешімі бойынша барлығы бірауыздан  «Бейбітшілік» атағанды жөн деп санады.

Пікір қалдыру