• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Шуда ерекше кеңсе ашылды

0

Қоғам алдында  нәзік жандылардың көшбасшылық, кәсіпкерлік  дағдыларын дамыту аясында шағын және орта кәсіпорындарының атқарып жатқан жұмыстары жетерлік. Осы орайда, Шу ауданында Жамбыл облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы іскер әйелдер кеңсесінің қолдауымен іскер әйелдер кеңесінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс және аудандардың шағын және орта кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары ,қызметкерлері  қатысты. Мұнда нәзік жандылар  кәсіпкерлік саласы болсын түрлі жиындар мен семинар –тренингтер өткізіп тұратын болады.Аудан әкімі жиылған жұртшылқты құттықтап, бой көтерген су жаңа ғимараттың лентасын қиды. Ғимараттың ашылу салтанатынан соң ақ мұнда нақты жұмыс басталып кетті. Бизнес саласында тірлігін өрге домалатып жүрген қыз-келіншектерге арналған семинар, яғни шеберлік сағаты өтті. Онда сала өкілдері өз тәжірбиелерімен бөлісті.Ашылу салтанаты аудандық мәдениет үйі  өнерапаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Іскер әйелдер кеңсесі өңірде өркенді  істердің көбеюіне сеп болады деген сенім бар.

 

Пікір қалдыру