• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

Қызметкерлер арасында байқау өтті

0

Таразда  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен тілдер күніне орай аймақтық қызметкерлер арасында байқау өтті.

Жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісі елімізде Қазақстан халықтарының  тілдері  күні аталып өтеді. Айтулы мереке қарсаңында ұлттық бюро республика бойынша осындай байқауды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.Байқауға барлығы оңтүстік аймақтан 4 команда қатысты. Жарыс ережесіне сай қатысушылар 3 кезең бойынша бақтарын сынады. Алдымен өздерін таныстырудан бастап, сахналық қойылым мен музыкалық нөмір дайындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынды Алматы қаласының департамент қызметкерлері иеленді. Жеңімпаз команда республикалық байқауға жолдама алды.

 

Пікір қалдыру