• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Облыс орталығында неміс наубайханасы ашылды

0

Облыс орталығында  неміс наубайханасы ашылды. Нанның түр-түрін шығаратын кәсіпорын «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп іске қосылып отыр. Тіл үйірер тәтті наннан біздің тілшіміз де ауыз тиіп, нысанның ашылуына барып қайтты.  «Brot» неміс наубайханасындағы нан пісіретін пештер мен илеу мен ашытуға дейінгі жұмыстарды атқаратын құрылғылардың  барлығы Германия мен Австралияныкі. Кәсіпорынның тәуліктік қуаттылығы 2000 бөлке. Бұдан бөлек, мұнда тәтті бәліштер, сан алуан нан пісіріледі. Бас-аяғы 15 түрлі өнім шығаруға мүмкіндік бар.

Лола ПОЛУЭКТОВА – НАУБАЙХАНА БАСШЫСЫ /біз шығаратын өнімнің барлығы 100 пайыз табиғи таза, ешқандай химиялық қоспасыз. Қазірдің өзінде нандарымыз жоғары сұранысқа ие болып жатыр. Нарыққа шығып үлгердік. Ірі сауда нүктелеріне өткізудеміз. Сапа сертификаты талапқа сай, мемлекеттік стандарттаудан өттік. Қазір жұмысшыларымыз жаңа өнімдердің құрамын жасауға дайындалуда. Келешекте мұздатылған, дайын өнімдер шығармақшымыз яғни, бұларды небәрі 15-20 минутта пеште пісіріп аласыз. Балғын, дәмді бәлішіңіз дайын/.

 «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бұл жобаның жүзеге асуына атсалысқан. Нақтырақ айтқанда, жеке меншік сектордағы бұл бизнес құрылымының  үлесі 48 пайызды құрап отыр. Осылайша, ұлттық компания өңірдегі шағын кәсіпкерліктің дамуына күш салып қана қоймай, бизнестегі бәсекелестікті арттыруға да өз үлесін қосуда.

Кәсіпорында 12 адам тұрақты жұмыс істейді. Жұмысшыларын  жылына бір рет біліктілігін арттыру үшін шетелге жіберіп тұрамыз, дейді басшылар. Ал наубайхана ашылмас бұрын тыңғылықты дайындық жұмыстары жүргізіліп, немістер осында екі күн бойы тәжірибелерімен бөлісіпті.  Кәсіпорын мұнымен тоқтап қалмақ емес, болашақта ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Сәйкесінше, шығарылатын өнімнің алуандылығын да арттырмақ. Қазақтың шелпегі мен бауырсағы, қаттамасы мен қатырмасы дүкен сөрелерінен орын алады.

Пікір қалдыру