• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

Ассамблея өкілдері күзет қызметкерлерімен кездесті

0

Еліміздегі парасатты саясаттың нәтижесінде ұлтаралық жарасым мен дінаралық татулық салтанат құрып келеді. Осыған орай бүгін ассамблея өкілдері облыстық мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері мен кездесті. Басқосуда Өзбек этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайын баяндады. Сонымен қатар Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында қолға алынып жатқан жұмыстардың нәтижесімен таныстырды. «Қазақстанды мекендейтін халықтардың мәдениеті» тақырыбында өткен жиында ұлттар арасындағы достықты одан ары нығайтудың жолдары қарастырылды.

Пікір қалдыру