• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

Облыстық конференция өтті

0

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйытқы болуымен «Рухани жаңғыру: зайырлы қоғамдағы ұлттық құндылықтардың орны» тақырыбында облыстық конференция өтті. Конференцияға дінтану пәнінің мұғалімдері, дінтанушылар , қалалық және аудандық әкімдіктегі дінтану саласынан жауапты мамандар және Жастар ресурстық орталықтарының мамандары мен  студенттер қатысып, өз ойларымен бөлісті.Алқалы жиында Елбасы жарлығымен бекітілген  дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы  аясында атқарылған жұмыстар жайы сөз болды. Бұл тұжырымдама, мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын дінарлық келісімнің қазақстандық моделіне сүйене отырып, дін саласын реттеу мен жетілдіру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ конференция барысында, «Жаңа- Ру» жастар коалициясының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің деструктивті діни иделогияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылған әлеуметтік маңызы бар жоба жайы да айтылды.

 Еркебұлан Есмаханов      Жамбыл облыстық  дін істері                   басқармасының бөлім бастығы

/Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде, мемлекет пен дін бөлінгендіктен, бірқатар мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастар орнатылған. Сол қарым- қатынастар ептеп-ептеп болашақта мемлекеттің зайырлылық сипатын одан әрі нығайтып қалыптастыратын осы тұжырымдама болмақ. Бұл тұжырымдамада мемлекеттің әртүрлі саладағы дін істеріне қатысты позициялары айқындалған. Осының бәрі жастар арасында, облыс тұрғындары арасында  бүгінгі таңда кең түрде насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі конференция сол насихаттау жұмыстарының бір көрінісі/

Пікір қалдыру