• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Өнертапқыштар байқауы өтті

0

Таразда оқушылар мен колледж студенттерінің арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты облыстық инновациялық идеялар байқауы өтті. Елбасының «Ұлт жоспары, 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқау оқушылар мен орта арнаулы оқу орындарының шығармашылық деңгейін ұштастыруға бағытталған.Жалпы байқауға аймақтан 40 мектеп оқушысы мен  мен 17 колледж студенті өз еңбегін ұсыныпты. Сарапшылар   9 аталым бойынша қатысушылардың жобаларына баға беріп,  саралады. Яғни, ауыл шаруашылығы, құрылыс, су көлігі, әскери техника,робототехника сынды салалардағы техникалық құрастыру жұмыстары  ортаға қойылып, үздіктері анықталды.Бүгінгі өнертапқыштық сайысқа келгендердің бірі Марал Әби. Ол «Ұлттық нақыштағы ғимарат » деп аталатын жобасын алып келген. Жас өреннің туындысы еліміздің туризм саласын дамытуға арналған домбыра бейнесіндегі қонақ үй. Аталмыш туындыны дайындауға 1 апта уақыт кетті дейді. Шығармашылық конкурстың ережесіне сай жоба жұмыстары зерттеп отырған дүниелердің  тәжірибелік маңыздылығына және тиімділігіне қарай бағаланатын болады.Ал жеңімпаздар Өскемен қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алады.

Пікір қалдыру