• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

«Тілдері күні» тойланды

0

 

Бүгін Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Қазақстан халқы тілдер күні» мерекесіне орай облыстық көркемсөз оқу байқауы өтті.Іс-шара облыс көлемінде тойланып, оған аудандар мен Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің тіл мамандары мен колледж студенттері қатысты. Тіл – достықтың кілті, бірліктің бастауы, ұлттың жаны. Аталған байқаудың басты мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін асыру, көркем әдебиетті жандандырып, талантты жастардың жұлдызын жағу.Қатысушы үміткерлер Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай ақынның поэзиялық шығармаларынан үзінді оқып,оған қоса еркін тақырыпта белгілі қаламгердің  прозалық туындысын жатқа айтады.Атаның қаны, ананың сүтімен дарыған асыл тіліміздің мерейін қатысушылар өлең шумақтары арқылы асқақтатты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырған бірқатар сала мамандары арнайы марапатқа қол жеткіземіз деген үмітте. Осыдан 29 жыл бұрын 1989 жылы қыркүйектің 22-күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Содан бері бұл күн Қазақстан халқы үшін салтанатты күн.Жыл сайын осындай іс-шараларды облыс көлемінде ұйымдастырып, мемлекеттік тілге деген құрмет көрсетілуде. Байқау соңында жеңімпаздар облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының дипломы мен алғыс хаттары және  естелік сыйлықтарымен марапатталды.

 

Пікір қалдыру