• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтті

0

Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті.  Аталған шараны орталық базарда  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйымдастырды. Келушілерге мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы кеңес берілді. Жәрмеңкеге сәулет және қала құрылысы, денсаулық сақтау, білім, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары және басқа да бағыттар бойынша қызмет көрсететін 19 мемлекеттік орган қатысты. Шараның мақсаты — халыққа  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашық, сапалы болуы. Әкімшілік кедергілерді азайту. Және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру. Шара барысында, келушілер сондай-ақ электронды қолтаңба алу қызметі жөнінде ауқымды түсініктер алды. Көпшілікті негізінен жер теліміне қол жеткізу, жеңілдікпен баспана алу, электронды порталды пайдалану сияқты сауалдар қызықтырды. Осындай мақсатпен Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық әкімшілігінің ғимаратында «Ашық мемлекет» атты қызмет түрлерінің жәрмеңкесі  өтті.Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шара– халыққа тұщымды кеңес бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңайлату негізінде жүрді.Түсіндіру жұмыстары  Жамбыл облысы бойынша ағымдағы жылдың бас кезінен бастап өңірдің 480 мекемесі мен ұйымында жүргізіліп, 87 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Осындай үгіттеу жұмыстары  алдағы уақытта да өтеді деп жоспарлануда.

Пікір қалдыру