• Валюта бағамы: USD 371.31 | EUR 419.32 | RUB 5.59 | CNY 53.83 |

Табиғи ресурстарды пайдалануға бағытталған семинар өтті

0

Соңғы қырық жылдың ішінде ресурстарды тиімді тұтыну жиырма бес есе, ал өндірістің қалдықтары жүз есе өскен. Бұл туралы «агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту мақсатында табиғи ресурстарды пайдалануды ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету» атты дөңгелек үстелде айтылды.  Табиғи ресурстарының азайып, сарқылуы – өзекті. Қор деңгейінің төмендегені соншалық адам баласына жеткіліксіз екендігі мықтап сезілуде.  Сондықтан бүгінде оларды тиімді пайдалану, адамзат әрекетінің зиянды зардаптарына жол бермеу, бүкіл табиғи кешендердің өнімділігін сақтап, арттыру қажеттілігі туындайды. Бұл тұста табиғат ананың берген сыйын кешенді қолдану, қалдығы кем немесе қалдықсыз технологияларының пайдаланылуы, ресурстардың қайта қолданылуы ерекше өзектілікке ие болып тұр. Ғалымдардың айтуынша, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды, еңбек өнімділігін, өндіріс көлемін және ауылшаруашылығы өнімінің сапасын арттыруды сондай-ақ, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға негіздеу керек. Бүгінде агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы – Қазақстанды дамытудағы басымды және өзекті бағыты болып табылады. 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада суармалы жерлер алқабын 1,5 есеге арттыру көзделген. Негізгі акцент жер және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталып отыр. Өзге де мәселелерге қатысты ғалымдар баяндама жасап, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Пікір қалдыру