• Валюта бағамы: USD 384.52 | EUR 431.32 | RUB 6.1 | CNY 55.89 |

«Елбасы Жолдауы – дамудың асыл арнасы» атты кеңес беру іс-шарасы өтті

0

Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы»-ның ұйымдастыруымен  «Елбасы Жолдауы – дамудың асыл арнасы» атты кеңес  беру іс-шарасы өтті. Шаһар жастарының түрлі санаттарын қамтыған бұл шарада жергілікті мәселелер кең ауқымда қаралды.

Онда қалалық білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, ішкі істер  басқармалары мен жұмыспен қамту орталығынан  келген мамандар  жастарға өз салалары бойынша кеңестерін берді. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Ұлт жоспары 100 нақты қадам»  жолдауы аясында жүргізілген алаңға колледж білімгерлері мен қала тұрғындары қатысып, көкейлерінде жүрген  сауалдарына жауап алды.

НҰРЫМ ТЕМІРХАНОВ – ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

/Осындай іс-шара негізі жастардың өмірде қалыптасуына, тұлға болуына немесе кішігірім мәселелерін шешуге оң нәтиже беріп отыр/

Бүгінгі таңда жастарды жұмыспен қамту өзекті мәселенің бірі. Осыны негізге алған ұйымдастырушылар  14-29 жас аралығындағы азаматтардың  жеке кәсіп ашу туралы ойларын тыңдап, жол көрсетті.  Студенттер «Дипломмен ауылға», «Серпін» бағдарламаларының жай-жапсарымен танысты.

Алдағы уақытта  «Жастар ресурстық орталығы» қолға алған бұл басқосу 3 ай сайын ұйымдастырылады.

Пікір қалдыру