• Валюта бағамы: USD 371.31 | EUR 419.32 | RUB 5.59 | CNY 53.83 |

Жамбыл облыстық департаментінің өкілдері баяндама жасады

0

2019 жылдан бастап, елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбейеді. Мәселен, айлығыңыз 80 мың теңге болса, енді 180 мың теңге алуыңыз мүмкін. Бірақ, мұның барлығы келер жылдан бастап енгізілетін жаңа жүйенің шарттарына байланысты. Бұл тұралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің өкілдері айтты.

Иә, қазіргі таңда еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі апробацияланып жатыр. Факторлық – балдық шкала негізіндегі бұл жүйе пилоттық органдардағы лауазымдық жалақыны екі есеге дейін көбейтуге мүмкіндік бермек. Пилоттық жоба аяқталысымен, келер жылы Қазақстанның барлық мемлекеттік қызметшілерінің жалақысы арттырылады деп күтілуде.  Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты ӨСІРУ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ бөлімінде айтылған.

Пікір қалдыру