• Валюта бағамы: USD 371.31 | EUR 419.32 | RUB 5.59 | CNY 53.83 |

Аудан әкімі журналистермен кездесті

0

Бүгін Т.Рысқұлов ауданы әкімі Асқар Қрықбаев «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» журналистермен кездесті. Онда Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», ««Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» Жолдауындағы міндеттердің Т.Рысқұлов ауданында жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеме жасады.

Осы бағытта  ауданда атқарылған ілкімді істер аз емес. 2018 жылы өнеркәсіп саласындағы өнім мен көрсетілген қызметтер түрлеріне 7 млрд. 962 млн. теңгеге қарастырылған. «BioEnergia» ЖШС-не құны 3,3 млрд.теңгеге бағаланатын 4,95 МВТ-тық «Биогаз электр станциясы» жобасын іске асыру жүзеге асырылған. Ауданда электр қуатын өндіру, жылу шығару және минералды тыңайтқыштарды өндіру үшін жер телімі бөлініп «Жылыжай» салу жоспарланып отыр.  Ағымдағы жылы аудандық білім бөлімінің бюджетіне 5 милиярттан астам қаржы бөлінген. Бүгінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының Т.Рысқұлов аудандық филиалының бастамасымен барлық мектептер интернет желісіне қосылған. Алты балаға 1 компьютерден қарастырылған дейді аудан басшысы Асқар Санатұлы.Брифингте мұнан өзге аудан халқын таза ауыз сумен қамту, жолмен жарық беру жұмыстары да атқарылуда. Апатты мектептердің де орнына жаңасын тұрғызу, Құлан ауылы «Арай» тұрғын үй алқабында 80 пәтерлі 5 қабатты жаңа үй салыну жоспарланған.

Пікір қалдыру