• Валюта бағамы: USD 371.31 | EUR 419.32 | RUB 5.59 | CNY 53.83 |

Шағын несие беретін орталық ашылды

0

Облыста шағын несие беру мекемесі құрылады.  Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды. Нәтижесінде шағын кәсіп бастаймын едеген азаматтарға мүмкіндік артады. Мекеменің негізгі мақсаты мен жұмыс істеу жүйесі туралы «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы»– ның басқарма төрағасы Нүркен Шәрбиев баяндады.   Қазіргі таңда өңірде жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша кезекте 3700 адам тұр десек, олардың көбі өз ісің бастауға ынталы. Ал, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 100 мың жас арнайы курстарда оқуда. Олардың   тең жартысы шағын несие алуға дайын. Аталған орталық  осындай ынталы  азаматтарды тиімді шарттарға негізделген шағын несиемен қамтитын болады.

Айта кету керек, бұл тікелей облыс  әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасынан туындап отырған жоба.  Өңір басшысы бұл арқылы  өз кәсібін ашуға ынталы  талапты жандарды қолдай отырып, облыс  экономикасын арттыруды мақсат етуде. Ол үшін жергілікті кәсіпкерлерді игі жобаға атсалысуға тарту көзделуде.  Олар  барлығы 51 миллион теңге құйуы керек. Екінші кезекте акционер аталатын  Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы  49 миллион теңге қаржы салады. Осылайша 100 миллион теңге жиналғанда, мекеме жалпы 1 миллиард теңге көлемінде шағын несиелер бере алады. Бұл көрсеткішті үш жылда 3 миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда.  Қазір мекемені тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдыру