• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Электр жүйесімен тұрақты және сапалы қамтамасыз ету басты назарда тұр

0

Жамбыл облысының тұрғындарын электр жүйесімен тұрақты және сапалы қамтамасыз ету басты назарда тұр. Осыған орай, Жамбыл электр жүйесі мекемесінің инвестициялық жобаларына баспасөз туры ұйымдастырылды.

2016-2018-ші электр тораптарын инвестициялық бағдарлама арқылы заманауи стандартқа сәйкес жөндеу жұмыстары жоспарланған. Мәселен, өткен жылы жалпы құны 910 млн теңге ге бірқатар электр жүйелері жаңартылған. Мұның басты тиімділігі тұрғындарға енді үздіксіз электр қуаты беріліп отырады. Бұған дейін ескі қондырғылар да жиі ақау шығып жергілікті жұрт жарықсыз қалатын еді. Мамандардың айтуынша жаңа технологияның арқасында мұндай оқылықтарға жол берілмейтін көрінеді. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті арнайы тарифтік бағада бекіткен. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру