• Валюта бағамы: USD 386.82 | EUR 428.67 | RUB 5.86 | CNY 54.95 |

Тұрар Рысқұлов ауданында коворкинг орталығы ашылды (Фоторепортаж)

0

Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы еліміздің әр өңірінде  қолдау көрсетіліп, жүзеге асып келеді.  Заиманауи үрдіс рухани жаңғырумен де сабақтасып отыр.  «Нұр Отан» партиясының бастамасымен Тұрар Рысқұлов ауданындағы орталық кітапханада  коворкинг орталығы ашылды.Бүгінде цифрландыру кітапханалар жүйесіне де келіп жетті. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен іске асып отырған жобаның мақсаты — еліміздегі кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құрып, бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастыру.Яғни, барлық кітап қорын электронды форматқа көшіру.Аудандағы кітапхана базасында ашылған орталық  заман талабына сай жабдықталған. Сондай-ақ, балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған.Тіпті, кітапхана жастарға арналған қызықты лекциялар ұйымдастырып, пікірталас алаңдары және тағы басқа игі бастамаларға қызмет ететін болады.Мұндай орталықтардың ашылуында мақсат біреу. Әлемдегі дамыған елдердің кітапханасында ұсынылатын қызмет түрлерін қалың оқырманға бізде де қолжетімді болуы керек. . Сонымен қатар, жаңару мен жаңғыруға бастаған үлкен қадам дейді ұйымдастырушылар.

Пікір қалдыру