• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Жамбыл облысында жаңа ауданаралық маршрут ашылады (республикалық АА)

0

Жамбыл облысында Мойынқұм-Шу, Шу-Қордай, Меркі-Шу бағытында 3 жаңа ауданаралық маршрут ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды http://zhampoz.kz

Әділет Бегалыұлының айтуынша, облыста  жеке меншік нысандағы 29 тасымалдаушы мекеме, 202 бағыт бойынша 1324 автобус қызмет көрсетуде. Автобустардың орташа пайдалану мерзімі – 8 жылды құрайды. 1324 дана автобустың 160 – бензин отынын, 998 – дизель және 166 дана автобус табиғи газ отынын пайдаланады.Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында облыс көліктерімен 547,2 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2017 жылдың қаңтар-шілдесіне қарағанда 2,0% көбейіп,  жолаушы айналымы 4 671,9 млн. жолаушы-шақырымды құраған.Сонымен қатар, автобус қатынамайтын қосымша 11 елді мекен әлеуметтік маңызы бар темір жол қатынасымен қамтылып отыр. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, тұрғындар саны 100 адамнан асатын елді мекендерді тұрақты автобус маршруттарымен 96% қамтамасыз ету көзделген. Бүгінгі таңда 355 елді мекеннің 279 немесе 78,6% қоғамдық көлік қатынасымен қамтылған.Бүгінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78,5 пайызды құраса, жаңа жылға дейін көрсеткішті 80,1 пайызға жеткізу көзделуде. Жеке меншік 29 тасымалдаушы мекеме тіркелсе, 202 бағыт бойынша 1324 дана автобус қызмет көрсетуде. Өткен жылмен салыстырғанда қоғамдық көлік жолаушылары 2 пайызға көбейген. Жүк айналымы да артып отыр.Айта кетейік, Жамбыл облысында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары (5093 шқ) мен елді мекен көшелерінің (4599 шқ) желісі бүгінде 9 692 шақырымды құрайды

Пікір қалдыру