• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 83-ші жаңа маусымының шымылдығы ашылды

0

Картинки по запросу қойылым премьера

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 83-ші жаңа маусымының шымылдығы жазушы – драматург Мархабат Байғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» драмасының премьерасымен түрілді. Премьераны тамашалауға Түркістан, Алматы облыстарынан өнер қайраткерлері мен еңбек ардагерлері және Меркі ауданынан Асанбай Асқаровпен қызметтес болған тұстастары, жолдастары, туыстары келді.  Драмада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың кеңестік дәуірдің  соңғы жылдарында тоталитарлық режимнің қуғын-сүргініне түсіп, басынан өткерген қиын-қыстау тағдыр жолы суреттеледі. Осы шығарма арқылы көрермен сол дәуірде орын алған «көлеңкелі» іс-әрекеттерді, Асқаровтың қазақ елінің болашағы үшін күрескен бейнесін көре алды. Қоғам қайраткерін асыл арманы адастырған жоқ. Табандылығы мен қайсарлығының арқасында өзіне жабылған жаладан ақталып шықты, Тәуелсіздіктің ақ таңын қарсы алды. Драманың қоюшы-режиссері – Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов болса, қоюшы-суретшісі ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева. Олардың еңбегі ерекше аталып, көрермендер тарапынан жоғары баға берілді.

Алаш қайраткерлерінің жалғасындай болған Асқаров аққайыңдарды Алатаудан Алматыға түсірді, Шымкентке жеткізді. Аллеяларды көбейтіп, оңтүстіктегі дендросаябаққа 14000 мың ағаштың түрін екті. Өкінішке орай, талдардың 7 мың түрі жойылып, көбісі оталып та кетіпті. Саябаққа қайта жан бітірген, екінші тынысын ашқан Асқар Мырзахметов болды – дейді Мархабат Байғұт. Спектакльдің басты рөлін театр әртісі Жүніс Әлімбеков сомдап, Асанбай Асқаровтың образын барынша шынайы жеткізе білді. Ал жұбайы Фатима бейнесін әртіс Индира Мұстафаева бар шеберлігін салып, ерекше алып шықты. Сондай-ақ, басқа да театр әртістері өз кейіпкерлерінің бейнесін жан-жақты әрі дәлме-дәл аша түсті. Жүніс Әлімбеков өзіне артылған жауапкершілікті сезіне отырып, қойылымға үлкен дайындықпен келгенін айтады.

 

Пікір қалдыру